Саясат
"Жарақаттың салдары ауыр": Дәрігерлер 4 сағаттық отадан кейінгі Берденовтің жағдайын айтты
- автор kyn.kz
- Бүгін, 08:45
- 723

Берденов оқ жарақатынан кейін өте ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілген.
Ота 4 сағаттан астам уақытқа созылған. Шымкент қаласы әкімі орынбасарының жарақаттан кейінгі жағдайына қатысты дәрігерлер мәлімет берді, деп хабарлайды KYN.KZ.
Бастапқыда оның жағдайы өте ауыр деп бағаланған. Ол қалалық ауруханаға жеткізіліп, шұғыл операция жасалды. Қазір өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.
Операциядан кейінгі диагноз: оң жақ кеуде қуысына өткен бытыралы оқ жарақаты, оң жақ өкпенің төменгі бөлігінің, қабырға аралық артериялардың және көкеттің көп нүктелі зақымдануы; оң жақ гемопневмоторакс.
Сондай-ақ іш қуысына өткен көптеген жарақаттар, бауырдың зақымдануы, ішкі қан кету, оң жақ бүйрек, иық және білек тұстарының бытыралы жарақаттары, сыртқы қан кету анықталған.
Плевропульмональды және геморрагиялық шок жағдайында.
Ұқсас жаңалықтар
Саясат
Путин Пасха мерекесіне орай келісім жариялады: Зеленский қолдады
- авторТомирис Тоныкөк
- 20 сәуір, 2025