Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Сұлулық салонында жұмыс істегені үшін әкесі елдің көзінше 18 жастағы қыздың басын кеспек болды

Сұлулық салонында жұмыс істегені үшін әкесі елдің көзінше 18 жастағы қыздың басын кеспек болды
IranWire.
Қатыгез әке пышақпен келіп, салонда өз қызын өлтірді.

Ер адам салон қызметкерлері мен клиенттерінің алдында қызының басын кесуге тырысқан. Ол өзгелерден қызы әйелдерге арналған сұлулық салонында істейтінін естіп, оны жазалауға іздеп келген.

18 жастағы Фатеме Солтани әкесінен қорқып, Исламшехр қаласындағы әйелдер сұлулық салонында жасырын жұмыс істеген. Ер адамға қызының сұлулық салонында жұмыс істейтінін біліп, сол жерге келеді. Қыз әкесін салон сыртынан көріп, дереу анасына хабарласып, не істейтінін ақылдасқан.

Алайда ер адам салонға пышақпен кіріп, қызметкерлер мен клиенттердің алдында қызын бірнеше рет ұрды. Кейбір мәліметтерге сәйкес, ол қызының шашынан ұстап басын кесуге тырысқан. Клиенттер мен салон қызметкерлері шулап, сырттан көмек шақырып, көптеген адам жиналып қалады. Қыздың әкесі әйелінге хабарласып "Сені осы қайғымен қалдырамын" деп жазған.

Фатеме Солтани ата-анасынан бөлек өмір сүргені де белгілі болды Өйткені әкесі үнемі ұрыс шығаратын болған. Отбасының берекесін қашырып, қыздарын үнемі қысымда ұстайтын Фатеменің ажалы ақыры өз әкесінен болды.

kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар