"8 балдық жерсілкінісі болатыны туралы ақпарат тарады": ТЖМ жауап берді
- автор Томирис Тоныкөк
- 10 сәуір, 2025
- 178

Соңғы күндері әлеуметтік желілерде, блогтарда және мессенджерлерде Қытай ғалымдарының Қазақстанда жойқын жер сілкінісі болады деп болжағаны туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Бейжіңдегі жер сілкіністері агенттігінің ғалымы Чжу Хунбин бастаған зерттеушілер тобы шынымен де Қытайдың кейбір аймақтарында магнитудасы 8-ден асатын күшті жер сілкіністері әр 30–40 жылда бір рет болып тұратын белгілі бір цикл бар деген болжам айтқан. Бұл негізде қазіргі уақытта осындай цикл басталуы мүмкін деген гипотеза ұсынылған», – деп хабарлады ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі.
Алайда министрлік бұл зерттеу тек Қытай аумағына – Сычуань және Юньнань провинциялары мен Шығыс Гималай аймақтарына қатысты екенін атап өтті. Бұл өңірлер Қазақстаннан өте алыс орналасқан және мүлде басқа сейсмикалық белдеуге жатады.
Зерттеу жалпы алғанда Қазақстанға қатысы жоқ.
«Бұл мәлімдеме шындыққа жанаспайды. Зерттеу ғылыми-гипотетикалық сипатта, нақты болжам емес. Ғалымдар нақты бір жер сілкінісін болжаған жоқ – олар тек бір геологиялық жарық бойындағы оқиғалардың циклділігін талдады», – дейді ҚР ТЖМ мамандары.