Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Автобус ісі: Ақтөбеде қайтыс болған әр өзбек азаматы үшін 150 млн теңге сұралды

Автобус ісі: Ақтөбеде қайтыс болған әр өзбек азаматы үшін 150 млн теңге сұралды
ашық дереккөз
Ақтөбеде жанып кеткен Өзбекстан азаматтары мінген автобус ісіне қатысты сот процесі жалғасуда

Бүгінгі сот отырысында жауап берген 22 адамның екі ел арасындағы қатынастың қиын екенін, сондай-ақ тұратын жерлерінің болмауынан біраз шығындалып қалғанын айтқан.

"Жәбірленушілердің отбасына әр адам үшін 150 млн.теңгені өндіруді сұраймыз", - деді жәбірленушінің қорғаушысы Ақжан Ақылова.

Сонымен қатар, тұрмыстық қиындықтарға байланысты сот отырысына қатыса алмаған 20 жәбірленуші сенімхат жолдапты.

Қазақстанға жете алмаған жәбірленушілер де қаза болған жақындары үшін әр адам үшін 150 млн.теңге моральдық шығын өндіріп беруді талап етіп отыр.

Оған қоса, қолдарында материалдық шығындарды есептейтін құжаттардың жоқ болғанына байланысты, жәбірленушілер тек моральдық шығындарды өтеп беруін сұрауда.

Естеріңізде болса, қайғылы жағдай 18 қаңтар күні таңда Ақтөбе облысының Ырғыз ауданының аумағында тіркелген болатын. Қоғамдық көлікте 52 өзбек азаматы жанып кетті.

Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар