Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Елбасы: Қасымов еліміздегі ең тәжірибелі, шыншыл әрі әдепті полицей

Елбасы: Қасымов еліміздегі ең тәжірибелі, шыншыл әрі әдепті полицей
ашық дереккөз
Қазақстан халқына айтқан жолдауында мемлекет басшысы Ішкі істер министрлігінің реформасы туралы да сөз қозғады
"Әскери қызметкерлер халық тыныштығы үшін өз өмірлерін де тәуекелге қояды. Тәуелсіздік жылдары 770 полицей көз жұмған. Елдің бәрі оларды жамандағанымен, бірнәрсе бол қалса, соларға қарай жүгіреді. Полиция жазалаушы таяқ емес, азаматтардың көмекшісі болуы керек. Мен генерал Қасымовты еліміздегі ең тәжірибелі, шыншыл әрі әдепті полицей ретінде көремін", - деді елбасы.

Сондай-ақ президент полицейлерді  жұмысқа қабылдау жүйесін өзгерту қажеттігін атап өтті. Ол барлық қызметкерлерді аттестациялаудан қайта өткізіп, ең мықтыларын ғана органда жұмыс істеуге алып қалу керек дейді.

"Халық полицияның жазалаушы емес, қиын сәтте көмектесуші екенін білуі керек. Погонды таққаннан бастап одан барлығы қорқады.

Сен генерал әрі министрсің. Маған шетел тәжірибесіне сүйене отырып, Қазақстандағы қылмысты азайтатын жаңа құрылым ұсыншы", - деді президент Ішкі істер министріне.

Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар