Басты жаңалықтар
Қыстың қамын күз ойла: Жұлдыз Өмірғали үй шаруасына деген икемімен көпшілікті таңдай қақтырды
- автор kyn.kz
- 5 қазан, 2018
- 253
Бұрындары тек боянып-сыланғанды ғана білетін ерке қыз болып таңылған Жұлдыз Өмірғали оқырмандарын жаңа өнерімен тәнті етті
Жұлдыз барша қазақтың келіндері ұқсап күз маусымында банка жабуға кіріскен. Өнер иесі үш күн ішінде салаттың түр-түрін әрі тұздалған қиярдың он шақты банкасын жауып үлгеріпті.
“Қарапайым үй шаруасындағы әйелдің суреті. Үш күн еңбектендім, есесіне қысқа дайынбыз. Дүкендікін ұнатпаймын”, – дейді Жұлдыз.
https://www.instagram.com/p/BohD7YUBuuy/?utm_source=ig_web_copy_link
Желі қолданушылары Жұлдызды жаңа қырынан танығандарын айтып, оның ісіне тәнті болды.
“Өзіміз сияқты қарапайым қыз екен”, “Осындай фотоларды жиі салып тұрсаңшы, көрдің бе, халық сені қалай жақсы көріп қалды”, – деп тамсанды оқырмандар.
Ал Жұлдыздың өзі болса, жылы лебіз білдіргендерге алғыс айтып, алдағы уақытта сахнадан тыс өмірін көрсетуге уәде берді. Айтпақшы, сөз арасында Жұлдыз ата-енесінен бөлек тұратынын айтып қалды.
Келесі мақала