Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Қарсы бағытта жүрген алматылық жүргізуші көптің ашуына тиді (видео)

Қарсы бағытта жүрген алматылық жүргізуші көптің ашуына тиді (видео)
ашық дереккөз
Жасаған әрекеті үшін кешірім сұрап, кейін айтқанынын бәрін жоққа шығарған алматылық жігіт жұртты мазақ еткені үшін жазалануы мүмкін
https://www.instagram.com/p/BoduRBOAxuO/?utm_source=ig_web_copy_link 20 жастағы жүргізуші Роллан Назарға жол қозғалысы ережелерін бұзудың бес фактісі бойынша айып тағылды. Жас жігіт екі рет мемлекеттік нөмірсіз жүрген, одан кейін қарама-қарсы бағытқа шығып кетіп, басқа жүргізушілердің өміріне қауіп төндірген және көлігіне шана шегіп серуендеп, жолаушыларды тасымалдау ережесін бұзған. Сондай-ақ, соңғысы маневр жасау ережелерін бұзғаны үшін оған қатысты хаттама толтырылды. Енді ол көлігімен қарама-қарсы бағытқа шығып серуендені үшін алты айға дейін жүргізуші куәлігінен айырылуы мүмкін. Жол қозғалысы ережесін бұзған 20 жастағы жігіт өз кінәсін толығымен мойындады. Бірақ, Назар кінәсін түсініп, кешірім сұрағанымен оған қарсы қозғалған іс сотқа жіберілді. «Құрметті отандастар Әл-Фараби даңғылының бойында жол ережесін бұзғаным үшін сіздерден кешірім сұраймын және жасаған әрекетіме өкінемін. Енді мұндай оқиға қайталанбайды деп уәде беремін. Сондай-ақ, менің кешірілмес қателігімді қайталамауға кеңес беремін»,- деп кешірім сұрады алматылық Роллан Назар. https://www.instagram.com/p/Bogf1Zngff2/?utm_source=ig_web_copy_link Десе де келесі күні мұның бәрін жалған екенін айтып, халықтан шын ниетімен кешірім сұрамағанын жеткізді. «Өкініш білдіріп, кешірім сұрады деп, мені қорқақ дегендер сол видеоға мұқият назар аударасыздар. Мен онда күлкіден өлейін деп, өзімді әрең ұстадым. Ол видео төрт рет түсірілген, себебі мен алғашқы үш жазбада әбден күлгендіктерн, қайта түсірілді», – деді жігіт видеожолдауында. Ал құзырлы орган қызметкерлері болса, алдағы жарты жылдың ішінде аталған азамат заңды қайта бұзатын болса, 5-15 айлық есептік көрсеткіш көлемінде қаржылай айыппұл немесе жүргізуші куәлігінен айыратынын мәлімдеген болатын.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар