Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Бір тойда әнін 15 рет орындаған отандық әнші көпті тәнті етті

Бір тойда әнін 15 рет орындаған отандық әнші көпті тәнті етті
ашық дереккөз
Он жылдан кейін шоу-бизнесқа қайта оралған Зарина Омарова қайтадан тойға шыға бастады. Айтуынша, бүгінде күніне кемінде бір қыздан ұзатады екен
“Қазіргі тойлардың ерекшеліктері бар, оның бәрі жақсы ғой деп ойлаймын. 2018-де біраз тойлар өтті. Әр апта сайын қыз ұзатып жатамын, Құдайға шүкір. Бір тойда қыздың анасы өте қатты қобалжып, жылады. Ол әлеуметтік желіде де таралып, қызу талқыға түсті. Өткен аптада тағы бір той өтті. Алдын ала асабаға жігіт әрірек тұрсын деп ескертіп қойдым. Себебі әнім ұзақ, мен әнді бітіріп болғаннан кейін қалыңдықты алып кетсе дедім. Жаңағы жігітіміз әрі-бері жүреді, әнім бітпесе де бізге қарай келе жатыр. Әннің әлі бітпейтінін түсініп, қайтадан артқа қарай шегініп жатты. Сондай ерекше қызықтары бар”, – дейді Зарина. Сондай-ақ әнші  осыдан 10-15 жылдай бұрын тойлардың өзгеше өткенін айтады. Ол шақ әсіресе, Заринаның есінде жақсы сақталған. Себебі ол кездер әншінің репертуарындағы “Жан гүлім” әнінің хит болып тұрған шағы. “Бір тойда “Жан гүлім” әнін 15 рет орындағанмын. Он бес рет, бүкіл той бойы бәрі осы әнге биледі. Оныншы ретте айтудан шаршаған да шығармын. Бірақ көңіл күй сондай болды. Халық сол әнге он бес рет билесе де, бірінші рет билегендей жүрді”, – деп ностальгияға берілді өнер иесі.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар