Басты жаңалықтар
Хабиб Нурмогамедов өзіне тиесілі сыйақысын ала алмауы мүмкін
- автор kyn.kz
- 7 қазан, 2018
- 238
Бұған дағыстандықтың айқастан кейін Конор Макгрегордың достарына тап беруі себеп болып отыр
UFC 229 турнирінде бүгін 27-ші жеңісіне жеткен ресейлік Хабиб Нурмогамедов сыйақысын ала алмауы ықтимал. Бұған дағыстандықтың айқастан кейін Конор Макгрегордың достарына тап беруі себеп болып отыр, деп хабарлайды sports.kz сайты.
«Макгрегорға тиесілі сыйақының берілетіні мақұлданды. Болған оқиға тергеліп болғанша Нурмогамедовтың сыйақысы берілмейді», - деді UFC президенті Дэйн Уайт айқас аяқталғаннан кейін.
Еске сала кетсек, АҚШ-тың Лас-Вегас қаласындағы «T-Mobile Arena-да» аралас жекпе-жектің (MMA) тарихындағы ең айтулы айқастардың бірі, UFC 229 турнирінің ақтық сайысы - ирландиялық Конор Макгрегор мен ресейлік Хабиб Нурмагомедовтың айқасы аяқталған болатын. Жекпе-жекте ресейлік ирландиялықты қылқындыру әдісімен жеңді.