Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Жұлдыз Өмірғали осыған дейін жасырып келген ұлы мен жаңа кәсібі туралы айтты

Жұлдыз Өмірғали осыған дейін жасырып келген ұлы мен жаңа кәсібі туралы айтты
ашық дереккөз
Әнші: Продюсер болып топ құрмақшы болдым. Баланың денсаулығына психологиялық тұрғыда қараймын.
"Кешью" тобының бұрыңғы әншісі Жұлдыз Өмірғали Айқын Төлепбергеннің екінші әйелі болып тұрмысқа шыққанын жасырып жүргенімен үнемі елдің алдына шығып, сахнада қайта өнер көрсетіп, шоу-бизнеске оралуды армандаған. Ол үшін талай істің басын бастап та көріпті. "Қыздар іздеп топ құруды ойладым. Түрі келсе бойы жоқ. Бойы келсе дауысы жоқ. Еш табылмады. Одан қалса топ құру үлкен ақшаны талап етеді. Дизайнерлік киім тігуді ойладым. Ол салаға да көп қаржы керектігін түсіндім. Биші қыздарды жалдап қазір тойға шығарып жүрмін. Бірақ оларды биге үйрететін мұғалімге, киімдеріне де ақша шығарып жатырмын. Өзімді актрисалық қырымнан танып, кино әлеміне бет бұрдым",- дейді Жұлдыз Өмірғали. Бірінші рет ана атанған Жұлдыз ұлының денсаулығына психологиялық тұрғыда қарайды екен. "Мен көз тиеді дегенге сенбеймін. Көңіліме де алмаймын. Түйреуіш тағып қой деп ақыл айтқандар болды. Ондайға мән бермеймін. Біреу "Мынау осы заттан ауырады" десе мен айтамын "Неге ауырады? Жоқ ауырмайды деп өзімнің сенімімді арттыра сөйлеймін" Сондықтан болар желіге де суретін салаберемін. Ешқандай көз тию, сөз тию деген әңгімелерге құлақ асып, сенген емеспін. Соның арқасы болар, ұлып сап-сау, жүгіріп жүр",- дейді әнші.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар