Басты жаңалықтар
Өлім жазасына кесеміз бе?: Біртанов отандық дәрігерлердің жұмысына қатысты ойын айтты
- автор kyn.kz
- 8 қазан, 2018
- 189
Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов кез- келген оқыс жағдайда дәрігерлерді кінәламай, алдымен толыққанды тексеріс жүргізіп алу дұрыс екенін жеткізді
"Бір науқас өлсе, адамдар бірден дәрігерлерді кінәлайды. Ал адамның бұған қандай қатысы бар? Сіздер емнен бас тарту, ата-аналардың балаларына екпе салуға қарсылық танытуы, ер азаматтардың жүкті әйелдеріне есепке тұруға кедергі келтіруі, берілген дәріні ішпей, оның орнына ішімдік пен темекі тұтынуы сынды жағдайларға қараңыздар. Мұның барлығына дәрігерлер кінәлі ме?" — деді министр.
Сондай-ақ бас дәрігер осындай жағдайлардың көбеюі салдарынан көптеген ақ халаттының басқа салаға кетіп жатқанын жеткізді.
"Дәрігерлер батырманы басып қойып отырмайды. Ол жақта механика, интеллектуалдық жұмыс бар. Сондай-ақ, белігілі бір шешім қабылдайды. Егер алдына келген науқас өз ауруы туралы толыққанды ақпарат алып келмесе, бірнәрсені айтпаған болса немесе ес-түссіз жатса, шешім қабылдау қиындай түседі. Сол себепті шұғыл жағдайларда дәрігерлер түйсігіне сүйеніп қана шешім қабылдайды. Жұмыстарының басты мәні осыда. Оларды осы үшін өлім жазасына кесейік пе?" — деді бас дәрігер Елжан Біртанов.
Келесі мақала