Басты жаңалықтар
Көпбалалы әке 4 жасар ұлын аяусыз сабап өлтірді (видео)
- автор kyn.kz
- 8 қазан, 2018
- 1.0k
Ресей Федерациясы Нукутск ауданы Хадахан ауылында 28 жастағы алты баланың әкесі кенжесін бұтына жіберіп қойғаны үшін ұрып өлтірді
Белгілі болғандай, 2018 жылдың 24 наурызында көпбалалы ер адам 4 жасар ұлын аяусыз ұрып-соққан, белдікпен сабаған. Өмірі үшін маңызды кеуде, бас және бет тұсынан соққы жасаған.
Ауыр жарақаттар салдарынан бүлдіршін сол сәтте өлген.
Сорақысы, бұл кезде үйде ер адамның әйелі мен тағы кәмелеттік жасқа толмаған бес бала болған. Әйелі араша түспек болғанын айтқан. Алайда отағасы одан баласын тәрбиелеуге кедергі жасамауды сұраған.
Сот жүргізген психологиялық, психиатриялық сараптамалар нәтижесінде ер адамның бұрын-соңды қандай да бір созылмалы жүйке ауруына шалдықпағаны белгілі болды. Яғни 28 жастағы азаматтың ақыл-есі дұрыс.
Иркутск облыстық сотының шешімімен 28 жастағы Хадахан ауылының тұрғыны 13 жылға бас бостандығынан айырылды
https://youtu.be/YKL0mIZPgDc
Ұқсас жаңалықтар
Басты жаңалықтар
Қасым-Жомарт Тоқаев: Қазақ елі барда қазақ тілі тұғырдан түспейді
- авторkyn.kz
- 10 қараша, 2026
Басты жаңалықтар
Тоқаев: Бір тілді басқа тілге қарсы қоюға болмайды. Бұл – үлкен күнә
- авторkyn.kz
- 10 қараша, 2026




