Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Ресей экс-банкир Жомарт Ертаевты Қазақстанға қайтарудан бас тартты

Ресей экс-банкир Жомарт Ертаевты Қазақстанға қайтарудан бас тартты
ашық дереккөз
Ресей Федерациясының бас прокуратурасы бұрынғы банкир және «Алмател Қазақстан» АҚ (Алма ТВ) компаниясының басшысы Жомарт Ертаевты Қазақстанға қайтарудан бас тартып отыр
Жомарт Ертаев «Банк РБК» банкінен 80 миллион АҚШ долларын ұрлады деп айыпталған болатын. Бірақ, банкирдің қорғаушысы Ертаевты қудалау еш негіссіз екенін дәлелдеген еді. Ал қазіргі кезде экс-банкир Ресейде босқын мәртебесіне ие болды. Сондай-ақ банкирдің қорғаушысының айтуынша,  Ресейдің бас прокуратурасы оны Қазақстан билігіне беруден бас тартты. «Біз және біздің сенімді адамымыз Ертаевты үй қамауынан босату туралы ресми хабарлама алған кезде, бізде оның Қазақстанға жіберілмейтіндігіне және барлық бақытсыздықтарға жол берілмейтініне қандай да бір сенім пайда болды», – деді заңгер Алексей Петров. Қорғаушының айтуынша, бақылаушы орган ақырында, экстрадициядан бас тарту туралы шешімімен танысуға мүмкіндік берді. Сонымен қатар, экстрадициялаудан бас тарту туралы шешім Мәскеу қаласы бойынша Ресейдің ІІМ-нің орталық басқармасының көші-қон департаменті Ертаевқа босқын мәртебесін бергендіктен қабылданды. «Жомарт Ертаев полицияға ұсталғаннан кейін Ресей ІІМ-нің бас басқармасына босқын мәртебесін алу туралы арыз жасады. Сондықтан, біз оны экстрадициялау туралы өтінішті қабылдамағанына өте қуаныштымыз, өйткені Жомарттің өзі Қазақстанда әділ сот болады деп үміттенбеген еді», -деді қорғаушы.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар