Басты жаңалықтар
Храпуновтар ісі: Алматының экс-әкімі мен оның әйеліне қатысты сот үкімі шықты
- автор kyn.kz
- 9 қазан, 2018
- 204
Күні кеше Виктор Храпунов пен оның әйелі Лейла Храпуноваға қатысты соңғы жылдарда болған ең күрделі істің бірі аяқталды. Ерлі-зайыпты Храпуновтар ұзақ мерзімге бас бостандығынан айырылды
Бүгінде соңғы жылдардағы ең шулы және ең талқыланған істің біріне нүкте қойылды. Үш айдан астам уақытқа созылған сот тыңдалымын бүкіл ел бақылады.
Сот шешімі бойынша Алматының экс-әкімі Виктор Храпунов 17 жылға , ал оның жұбайы Лейлә 14 жылға бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ бұл іс бойынша оның күйеу баласы Айяр Ілиясовқа 5 жыл берілді.
Бірақ,12 жыл бойы шетелде қашып жүрген Храпуновтар ақыры сот отырысына келмеген соң, ерлі-зайыптылар сырттай сотталды.
«Виктор Храпунов жасаған қылмыстары үшін кінәлі деп танылып, оған мүлкін тәркілеумен бірге қылмыстық-атқару жүйесінің ең жоғарғы қауіпсіздік мекемесінде 17 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сондай-ақ, ол ұлттық банк, қаржы мекемелері, мемлекеттік ұйымдар мен басқа да мекемелерде қызмет атқару құқығынан айрылады» -деді Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық қылмыстық сотының судьясы Қасым Қалмағамбетов.