Басты жаңалықтар
Қатерлі ісікке шалдыққан "Атырау аруының" еміне жиналған ақшаны белгісіз біреу жымқырып кетті
- автор kyn.kz
- 9 қазан, 2018
- 944
Қатерлі ісікке шалдыққан “Атырау ару-2015” атанған 20 жастағы Гаухар Қасаеваның еміне жиналған үлкен соммадағы қаражатты белгісіз біреу ұрлап кетті
“Бастапқыда әр күні картаға түскен ақшаға есеп беріп отырам деп ойладым. Бірінші күні көп адам көмектесті. Бәріне ризамын. Екінші күні менің есепшотымнан бәреулер онлайн сауда жасады. Екі рет. Осыдан кейін онлайн саудаға құлып қойдым. Бірнеше сағаттан соң 100 мың теңгеге тағы да онлайн сауда жасамақ болды”, – деп жазады бойжеткен парақшасында.
Айтуынша, орын алған келеңсіздіктерден соң ол картасындағы ақша сомасы жайлы жазбайтынын шешті. Қажетті қаражат жиналған бойда шетелге барып ем алмақ.
Естеріңізге сала кетейік, "Атырау аруы-2015" атанған 20 жастағы Гаухар Касаеваға қатерлі ісік диагнозы қойылған. Көпшілік қолынан келгенін жасап, оның еміне ақша жинауда.
Бұған дейін Гаухарға Қазақстанда екі рет ота жасалған. Енді Оңтүстік Кореяда ота жасату үшін 30 мың доллар қаражат керек.
https://www.instagram.com/p/BopGGyJFIw2/?utm_source=ig_web_copy_link
Ұқсас жаңалықтар
Басты жаңалықтар
Қасым-Жомарт Тоқаев: Қазақ елі барда қазақ тілі тұғырдан түспейді
- авторkyn.kz
- 10 қараша, 2026
Басты жаңалықтар
Тоқаев: Бір тілді басқа тілге қарсы қоюға болмайды. Бұл – үлкен күнә
- авторkyn.kz
- 10 қараша, 2026




