Басты жаңалықтар
Мәнерлеп сырғанаушы Денис Тенді өлтіргендердің қылмысын жақтаған мұғалімнің ісі сотқа дейін жетті
- автор kyn.kz
- 9 қазан, 2018
- 215
Ұлтаралық араздықты өршітті деп айыпталған бұрынғы мұғалім Шерхан Байзеновке қатысты материалдар сотқа келіп түсті
Оралдағы жергілікті сотта өтетін алдын-ала тыңдалымның күні белгілі болды.
Аудандық білім бөлімінің мәліметінше, Байзенов қорғаушы жалдап, өзін ақтап алуға тырысуда.
Тергеу барысы аяқталғанша, Шерхан Байзеновті мектептегі жұмысынан уақытша шеттеткен болатын.
Еске салсақ, Батыс Қазақстан облысындағы Белес ауылында тұратын ұстаз әлеуметтік желіде жазба қалдырып, танымал сапортшы Денис Тенді өлтірген қылмыскерлерді жақтаған болатын.