Басты жаңалықтар
Елбасы жолдауының бұлжытпай орындалуын пермьер-министр қатаң бақыламақ
- автор kyn.kz
- 10 қазан, 2018
- 257
Үкімет отырысында пермьер-министр Бақытжан Сағынтаев Назарбаевтың халыққа арнаған жолдауындағы міндеттерді орындаудың жоспары бекітілді. Құжатта әр шендінің, яғни министрлер мен әкімдердің немен айналысу керектігі түгел жазылған. Ал оның орындалуын Бақытжан Сағынтаевтың өзі қадағаламақ
“Ұйымдардың бірінші басшылары, өңірлердің әкімдері жалпы Ұлттық жоспардағы шаралардың іске асырылуын уақытылы орындалуын қамтамасыз ететін болсын”, – деді премьер.
Құжатты Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов таныстырды. Онда жоспарға қойылған 100 шара 6 бағыт бойынша қарастырылған.
Елбасы 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі жалақы мөлшерін 42 мың теңгеге дейін арттыруды тапсырған еді. Бұл орайда Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрілігін үлкен жұмыстар күтіп тұр. Ал аймақ басшылары мемлекеттік бағдарлама аясында тұрғын үйлерді көптеп салуға міндеттелді. Ал әр шендінің қызметін премьер-министр Бақытжан Сағынтаевтың өзі қатаң бақылаймын деп отыр.
Келесі мақала