Басты жаңалықтар
Отандық дзюдошы жасөспірімдер Олимпиадасында қазақ қоржынына алғашқы алтын салды
- автор kyn.kz
- 10 қазан, 2018
- 813
Отандық дзюдошы Бекарыс Сәдуақас Буэнос-Айресте өткен жасөспірімдер арасындағы Олимпиада ойындарында еліміздің намысын қорғап, қазақ қанжығасына алғашқы алтын медальды салды
100 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Бекарыс грузин спортшысы Илиа Сулуманидзені қосымша уақытта жеңіп кетті.
"Көңіл-күйім жақсы. Олимпиада секілді дүбірлі додада жеңіске жеткеніме қуаныштымын.
Ақтық сында оңайға соқпады. Қарсыласым Сулуманидзеніңкүші басымырақ. Сол себепті аздап шаршадым. Кейін қосымша уақытта тағы екі минут күрестік. Грузин палуанын "ваззари" әдісімен жеңдім", - деді жеңімпазБекарыс Сәдуақас.
Айта кетерлігі, 78 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде күрескен Маргарита Гриценко шешуші кездесуде неміс дзюдошысы Рафаэлла Иглдан жеңіліп, күміс медальді місе тұтты.
Ұқсас жаңалықтар
Басты жаңалықтар
Қасым-Жомарт Тоқаев: Қазақ елі барда қазақ тілі тұғырдан түспейді
- авторkyn.kz
- 10 қараша, 2026
Басты жаңалықтар
Тоқаев: Бір тілді басқа тілге қарсы қоюға болмайды. Бұл – үлкен күнә
- авторkyn.kz
- 10 қараша, 2026




