Басты жаңалықтар
Ағамнан рұқсат алдым: Танымал отандық блогер Әсел Асқар жалаңаш суретке түсуіне не түрткі болғанын жайып салды
- автор kyn.kz
- 10 қазан, 2018
- 242
Алғаш қара өлең оқып танылған ару бұл образынан мезі болса керек, аяқ асты ашық-шашық күйде суретке түсуді ұйғарған. Нәтижесінде халықытң ашуына тиіп, ауыр сөздің астында қалды. Әсел мұндай әрекетке не итермелегенін айтып берді
Оқырмандарына тек жүрекжарды өлеңдерін оқу арқылы таңылған Әселдің мұндай сипаттағы суреттері жұртты есеңгіретіп тастады. Ал жағымсыз пікір жазғандардың басым көпшілігі арудың сағын сындырды.
“Мұндай шуды күтпедім. Тіпті, бір сағаттан кейін пікірлерді мүлдем оқығым келмеді. Онда жүрекке тікелей тиетін ауыр сөздер өте көп болды. Әкеңіз бен ағаларыңыз қайда қарап отыр? – деген сөздері менің көңіліме қаяу түсірді. Дегенмен көш жолынан қалмайды, ал сын айтыла береді. Мен Instagram парақшамды өзгелер сияқты табыс көзі ретінде көрмеймін, керісінше шығармашылықтың иісі аңқып тұрса деймін”, – дейді Әсел.
Шығармашылық өз жолына, бірақ оқырмандардың дәйек қағуы бекер емес. Елдің сөзінен бөлек, халық алдында жүрген әнші ағаңыз бұл суреттерді көргенде қандай күй кешті екен?
“Желіге қандай да бір сурет жүктемес бұрын ағама көрсетемін. Мынаны сал, ананы салма деп айтып отырады. Әрине, ол ашық-шашық суреттерімді көргенде қуана қойған жоқ. Дегенмен, менің ақылды, аяғын аңдап басатын саналы қыз екенімді жақсы біледі. Мен оларды еш уақытта ұятқа қалдырған емеспін”, – дейді Әсел Асқар.
Әсел мұндай фототүсірілімге аяқ астынан барғанын айтады.
“Шаш үлгімді өзгерткеннен кейін оқырмандарым мені әлемге танымал Джиджи Хадид пен Хейли Болдуин сынды сәнқойларға ұқсатып жатты. Салыстырып қарасам, шынында ұқсас жерлерді байқадым. Сөйтіп неге солар сияқты суретке түспеске деп ойладым”, – дейді Әсел Асқар.
Танымал бикеш мұнымен тоқтап қалмақ емес.
“Болашақта осы сынды әртүрлі образдағы суреттерімді жиі жариялаймын. Өзімді әртүрлі қырымнан көргім келеді. Сондықтан неге өзгеріп көрмеске? Оған ешқандай кедергі жоқ деп ойлаймын”, – дейді блогер.