Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Шерхан Мұртаза айтқан "өлмейтін" ел есінде мәңгі қалатын сөздер

Шерхан Мұртаза айтқан "өлмейтін" ел есінде мәңгі  қалатын сөздер
ашық дереккөз
Жазушы: Айыр тіл жыланда ғана болады, ал адамда тіл біреу.
Абыз ақсақал, аңыз адам, ел есінде мәңгі қалар жазушы Шерхан Мұртазаның айтқан сөздері көзі тірісінде-ақ нақылға айналып, ел арасына тарап кеткен. Бірі жазушының қоғамдағы саяси, әлеуметтік жағдайларға арнап айтылған ойларын батылдық деп ұғынды. Жазушының тапқырлығы мен дөп басып айтатын сөздері ел есінде мәңгі жасамақ. *Жерді сату - Анаңды сатумен тең! *Айыр тіл жыланда ғана болады, ал адамда тіл біреу. *Орындалған арман – бақыт, Орындалмаған арман – күйік. *Баласыз адам — бақытсыз адам. *Рухы мен намысы сөнген ел – өлген ел. *Көркем әдебиет – ауыр артиллерия болса, публицистика – жеңіл кавалерия. *«Тәуелді» деген ұғымды тудырған күштілер мен обырлар. *Мәдениеттің мәйегі – кітап. * Ауыл кетсе, ұлттың ұйтқысы кетеді. *Пейілі жаманды құдай табады. *Шын жазушының көзі көкірегінде болады. *Шындық – ащы һәм ажарсыз. * Рухани азып-тозу – өліммен тең. *Күйреген рухты қайта көтеру – міне, қазіргі таңдағы басты мақсат осы! *Ана тіліміздің мәртебесін көтеру – басқа тілдердің жолын кесіп, бағын байлау емес. «Өзің өлме – өзгені де өлтірме» деген сөз. Зорлықпен тұншықтырылған қазақ тілін тірілту әрекеті. Осы да ұлтшылдық па? Жоқ, әлде әлдекімдердің көңіліне қарап өле беру керек пе? *Ұйықтап жатқан құмырсқаны көрмедім. Бәрі қыбырлап-жыбырлап жем тасып бара жатады. Біз ғой түске дейін ұйықтаймыз. Түстен кейін қыдырамыз. Бай баласы байға ұқсайды, Байланбаған тайға ұқсайды, – деген осы. Жалқаумыз. *Сақтасаң, қазаққа жау болған қазақтан сақта! *Шикі долбар шикі ойдан туады. *Рухани әлемі кең, рухы биік ел – қайсар ел. Ондай елді ешкім жеңе алмайды. Рухы сынған, рухани жүдеген елді жеңу де жеңіл. *Театр көбейсе, түрме азаяды. *Күнәнің ең үлкені – жас баланы алдау. * Тура келген ажалға амал жоқ. Ал тежей тұруға болатын сәтте қолұшын бермеу нағыз тасқұдайлық. Алтын бар жерде әзәзіл бар. *Мойныңа қарыз қарғыбауын тағып алғаннан артық ауыр нәрсе жоқ. *Тәуелсіздіктің жолы – қатты, дәмі – тәтті. *Жаңаның тамыры – көне. *Жер-ананың өкпе-бауыры – орман. Шыбық шаншы, тал тік! *Өтірік мақтау – асқа у қосып берумен бірдей. *Жау жаманы – жарамсақ. *Онсыз да кірленген дүниені кір басқан дүрбімен қарауға болмайды. *Рух пен намыс – егіз. *Бір адамның рухсыз болуы – сор, ал тұтас ұлттың рухынан айырылуы – қасірет!
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар