Басты жаңалықтар
Нұрсұлтан Назарбаев Шерхан Мұртазаның отбасына көңіл айтты
- автор kyn.kz
- 10 қазан, 2018
- 231
Мемлекет басшысы кеше дүниеден озған белгілі қоғам қайраткері, қазақ жазушысы Шерхан Мұртазаның туыстары мен жақындарына көңіл айту жеделхатын жолдады
Нұрсұлтан Назарбаев белгілі халық жазушысы, ұлт жанашылыры, мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Шерхан Мұртазаның қайтыс болғаны туралы қайғылы хабарды естіп, қатты қайғырды.
Жеделхатта «Шерхан Мұртаза өзінің бүкіл өмірін ұлттық мәдениет пен әдебиеттің дамуына арнап, кейінгі ұрпаққа бай рухани мұрасын қалдырып, халықтың махаббатына бөленді» делінген.
«Шерхан Мұртаза қазақстандық журнистердің бірнеше ұрпағын тәрбиелеген отандық публицистикадағы жетекші тұлға болды. Халық оны адалдығы пен әділеттілігі, шебер жазу дағдылары үшін сүйіспеншілікпен «Шераға» деп атады. Ол еліміздің қалыптасуы мен дамуына елеулі үлес қоса отырып, Тәуелсіздік жылдары менің жанымда болды. Менің сонау Теміртаудағы еңбек жолымның куәгері болды. Шерхан Мұртазаның жарқын бейнесі біздің жадымызда мәңгі қалады деп сенемін», – делінген жеделхатта.
Естеріңізге сала кетейік, кеше әйгілі қазақ жазушысы Шерхан Мұртаза дүниеден озды.