Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Елімізде әйелдердің зейнет жасы ұлғаяды

Елімізде әйелдердің зейнет жасы ұлғаяды
ашық дереккөз
Бірнеше жыл бұрын қабылданған заңға сәйкес, Қазақстан әйелдерінің зейнет жасы кезең-кезеңімен ұлғайып, 63-ке жетеді.
Қазақстанда әйелдердің зейнет жасы тағы да ұлғаяды. 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап 59 жас болады. Қазір қазақстандық ер-азаматтар зейнетке 63 жасында шығады. Ал әйелдердің жасы бірнеше жыл бұрын қабылданған заңға сәйкес біртіндеп ұлғайып отырады. Сонымен, 2018 жылы 1 қаңтарда зейнет жасын арттырудың бірінші кезеңі болды – 58,5 жас. Келесі кезеңі 2019 жылдың 1 қаңтарында болады – 59 жас. Осылайша, әр жыл сайын зейнет жасы жарты жылға артып, 2027 жылға дейін  қазақстандық әйелдердің зейнет жасы 63-ке дейін өседі. Негізінде, заңнама бойынша кей қазақстандықтар зейнетке сәл ертерек шыға алады. Бұл норма Семей ядролық полигонында ядролық сынақтардан зардап шеккен елді мекендерде кем дегенде бес жыл (1949 жылдың 29 тамызынан 1963 жылдың 5 шілдесіне дейін) өмір сүрген адамдарға қатысты. Яғни, осы өңірде тұрған ер-азаматтардың зейнет жасы – 50, ал әйелдердікі – 45 жас. Сонымен бірге, бес және одан көп баланы сегіз жасқа дейін тәрбиелеп өсірген әйелдер 53 жастан зейнетке шыға алады. Қазақстандық әйелдер 50 жасқа дейін зейнетақы қорында белгілі бір соманы жинап үлгерсе, зейнетке ерте шығуына мүмкіндік бар. 2018 жылы бұл сома 13,5 миллион теңге.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар