Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Вице-министр ұшақ бортына билетсіз өткен Төреғали қандай жазаға тартылатынын айтты

Вице-министр ұшақ бортына билетсіз өткен Төреғали қандай жазаға тартылатынын айтты
ашық дереккөз
Инвестиция және даму министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр Алматы әуежайында Төреғали Төреәлімен болған оқиғаға қатысты пікір білдірді

Журналистермен болған кездесуде, тілшілердің бірі вице-министр Роман Склярға  "Сонда кез келген адам, террорист болса да, байқатпай, тексеруден өтпей ұшақ бортына өте береді ме?", - деген сұрақ қойған.

"Азаматтық авиация комитеті (ААК) арнайы тексеру жүргізіп, ережелер бұзылғанын анықтады. Әуежай қызметкерлері әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Ал қалған мәселе арнайы қызмет өкілдерінің құзырында", - деп Роман Скляр жауап қатты.

Сондай-ақ журналистер "Төреғали Төреәлі ереже бұзғаны үшін жауапқа тартылады ма?" деп сұрады.

"Біздің құзырымызда осындай оқиғаның болуына мүмкіндік берген кінәлілерді ғана жауапқа тартуға болады. Ал шекара және кеден қызметінің мамандары өз уәкілеттілігімен нақты жауап бере алады", - деді министр орынбасары.

Роман Склярдың айтуынша, әнші өзінің ереже бұзып тұрғанын білмеген болуы мүмкін деген болжам айтты.

"Мүмкін біздің сүйікті әншіміз Төреғали бұл ережелер туралы білмеген шығар немесе оларды соншалықты маңызды деп ойламаған болар. Бірақ өз міндетін дұрыс орындамаған уәкілетті тұлғалар қатаң жазаға тартылатын болады", - деп сендірді ол. Естеріңізге сала кетейік,  әнші ұшақ бортына билетсіз өтіп, сәлден соң қайта шығып кеткен. Сондай-ақ БАҚ-та Төреғали үшін ұшу уақыты да кешіктірілгені хабарланған болатын.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар