Басты жаңалықтар
Алматыда соққыға жығылған жедел жәрдем жүргізушісі түрік азаматын кешірді
- автор kyn.kz
- 11 қазан, 2018
- 325
Алматыда соққыға жығылған жедел жәрдем қызметкерінің қорғаушысы клиентінің түрік азаматына қарсы барлық шағымынан бас тартқанын айтып, оны бостандыққа жіберуді сұрағанын атап өтті
Бұл туралы Николай Кучманың қорғаушысы өзінің желідегі парақшасында жазды.
Адвокаттың сөзінше, бұл жолы Али Демир көзбе-көз отырып, жәбірленушіден шын көңілімен кешірім сұраған.
"Кешірім Николай Григорьевич тарапынан қабылданды. Бұл ретте айыпкердің емізулі сәбиі мен әйелінің бар екені есепке алынды", - деп жазды заңгер.Ол сонымен қатар Түркия азаматының өтемақы төлеп, келтірген материалдық және моральдық шығынын да өтегенін атап өтті. Оның көлемі тараптардың өтініші бойынша айтылмаған.
Екі жақтың татуласуына байланысты дау тоқтатылды. Қалғанын енді сот шешетін болады.
Естеріңізге сала кетейік, 18 қыркүйек күні Алматыда жедел жәрдем көлігінің жүргізушісіне жұдырық ала жүгірген жігіттің видеосы тарады. Кейін тәртіп бұзушының түрік азаматы екені анықталды.
Али Демир бүкіл елдің алдында өз әрекеті үшін кешірім сұрағанымен, жәбір көрген көлік жүргізушісі істі сотқа дейін жеткізетінін айтқан еді.