Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Мұздай суға секіріп, батып бара жатқан итті құтқарған өскемендік тұрғын жұртты ерлігімен сүйсінтті (видео)

Мұздай суға секіріп, батып бара жатқан итті құтқарған өскемендік тұрғын жұртты ерлігімен сүйсінтті (видео)
ашық дереккөз
Бұқтырма су қоймасына достарымен және отбасымен бірге демалуға барған Кирилл Павловский есімді жігіт суға батып бара жатқан итті құтқарып қалды
Бұл оқиға өткен жексенбіде 7 қазанда болды.  Моторлы қайықпен серуендеген  кезде, суға батып бара жатқан итті көріп қалады. «Иттің соңғы күшіне дейін тырмысып жатқаны көрінді. Меніңше, ол суда бір сағаттан да ұзақ болған. Алғашында оған жақынырық жүзіп бармақшы болдық. Әкем қайықты бұра бастап еді толқындар итті одан әрі суға батыра бастады. Сонда біз басқаша әрекет етуіміз керек екенін түсіндік», – деді Кирилл. Кейін, көп ойланбастан  жас жігіт құтқару күртесін киіп, мұздай суға секіріп кетті. Осылайша, ол итке жүзіп барып, оны судан шығарып алды. «Ол қолымен мені мойнымнан құшақтап, екеуміз қайыққа дейін жүзіп бардық», – дейді Кирилл. Мұздай суға секіріп, батып бара жатқан итті құтқарған Кирилл жануарға өзі «Бұқтырма момын» деген ат қойыпты. Кейін олар демалыстан оралған соң құтқарылған итті үйсіз жануарларға арналған баспанаға беріп, оны Лаки деп атаған. https://youtu.be/khgJanprCUM
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар