Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Көлік тізгіндеген әйел түшкіремін деп екі оқушы қызды қағып кетті

Көлік тізгіндеген әйел түшкіремін деп екі оқушы қызды қағып кетті
ашық дереккөз
Қырғызстанның Шу облысы, Қара-Балта қаласында көлік айдап келе жатқан әйел түшкіремін деп, 12 жастағы оқушы қызды қағып кеткен

Жол көлік оқиғасы  күні кеше түскі сағат 12:30- да Қара-Балта қаласында болған. Көлікті тізгіндеген  32 жастағы әйел  түшкіремін деп, рөлді басқара алмаған екен.

"Әйелдің айтуынша ол көлік рөлінде отырып, алдында келе жатқан екі оқушыны байқаған. Дәл сол сәтті бірнеше рет түшкіремін деп, көлікті басқара алмай қалыпты. Нәтижесінде қыздардың бірін қағып, өзі талға барып соқтығысқан", - дейді Шу облыстық ІІД баспасөз хатшысы.

Қазір көлік қаққан қыз бен рөлде болған әйел ауруханада жатыр. Оқушының маңдайы жарылып, миы шайқалған. Ал жүргізушінің көкірек қуысы зақымданыпты.

Іс материалдары тергеу бөліміне жіберіліп, қажетті сараптамалар тағайындалған.

Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар