Айқынмен отау құрғаны белгілі болып, соңғы кездері қызу талқыға түсіп жүрген Жұлдыз Өмірғали күйеуінің бірінші әйеліне қатысты мәлімдеме жасады
Отау құрғандарын біраз уақыт құпияда ұстаған Айқын мен Жұлдыз, жалпақ жұртқа шаңырақ көтергендерін жариялағаннан кейін, ел аузында жүрген жұптардың біріне айналды.
Бірі екеуінің үйленгендерін құптаса, дені теріс пікірлерін жаудырып, Жұлдызға Айқынның бірінші әйелі туралы сұрақтарды жиі қоятындар да көп екен.
"Қорықпайсың ба", "көз жасқа қалу деген бар" деп айтады. Білмеймін, бұл - өмір. Өмірде әр нәрсе болуы мүмкін. Көз жасына сенетін болсақ, менің көз жасыма қалғандардың барлығы қырылып қалмайды ма?
Қазір қалай өмір сүріп жатқанымызды ғана айттық. Күнделікті өмірімді көпшілікке көрсеткім де келмейді. Бастысы біз біргеміз", - деп жауап берді Жұлдыз.
Айта кетейік, отбасымен түскен суретті алғаш рет желіге салған Жұлдыз Айқынмен бір жарым жылдан бері бірге тұратыны белгілі болды.
https://www.instagram.com/p/BoeF6_3hKJH/?utm_source=ig_web_copy_link