Басты жаңалықтар
Атышулы Мұхтар Әблязовтың ісі бойынша сот отырысы басталды
- автор kyn.kz
- 13 қазан, 2018
- 231
Қорғаушысы: Мұхтар Әблязов кінәлі емес
Айыпталушы Мұхтар Әблязовтың ісі бойынша алдын ала сот отырысы бүгін Тараз қалалық сотында өтті. Алайда Әблязовтың өзі оған қатыспады.
Ал сот отырысына келген қорғаушысы ешкім күтпеген мәлімдеме жасап, жұртты таңғалдырды.
"Ол кінәлі емес", - деген қашқын қылмыскердің қорғаушысы оны ақтауды сұрады.
Алайда сот қорғаушыдан: "Әблязовпен байланыс орнатып тұрасың ба?" деп сұрақ қойған кезде, ол нақты жауап бере алмай, сасқалақтап қалды.
Айта кетейік, айыпталушының өзі сотқа қатыспаса да, судья оның ісін сырттай қарауға шешім қабылдаған.Естеріңізге сала кетейік, Мұхтар Әблязов марқұм болған банкир Ержан Тәтішевті өлтіруге тапсырыс берді деп айыпталуда. Және жасаған қылмысы үшін Мұхтар Әблязовке өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасы кесілуі мүмкін.