Басты жаңалықтар
15 жастағы қазақ қызы "Мәскеу аруы-2018" байқауының финалисі атанды
- автор kyn.kz
- 15 қазан, 2018
- 753
Дина Қожасаева есімді қазақстандық ару "Мәскеу аруы-2018" байқауының финалына өтті
Динаның анасы Линда Қожасаеваның айтуынша, олар біраз жыл бұрын жанұясымен Мәскеуге көшіп кеткен.
Сөзінше, қызы бұрыннан сәнқой болуды армандапты. Бақытына орай, Динаның сұлу келбеті армандарын орындауына көмектескен екен.
Бір күні Линданың досы, Мәскеудің вице-аруы Динаны көріп, оны сұлулық пен таланттар байқауына қатыстыруын ұсыныпты.
"Біз сұраныс жібердік, олар шақыртты. Дина ұйымдастыру комитетіне ұнады және финалға өтті. Кастингте оны Дубайдағы бір журналдың редакторы байқапты. Осылайша, бізді түсірілімге шақырды",- дейді арудың анасы. Қазіргі уақытта Дина Романов мектебінің 9-шы сыныбында оқиды. Сондай-ақ, ол ән айтып үйрететін музыкалық мектепке барады.
Айта кетейік, конкурстың ақтық сыны 28 қараша күні болады. "Мәскеу аруы" байқауының жеңімпазы "Краса России-2019" сайысында Мәскеу қаласының намысын қорғайтын болады. Келесі мақала
Денис Теннің жақындары қазақстандықтардан көмек сұрады
Ұқсас жаңалықтар
Басты жаңалықтар
Қасым-Жомарт Тоқаев: Қазақ елі барда қазақ тілі тұғырдан түспейді
- авторkyn.kz
- 10 қараша, 2026
Басты жаңалықтар
Тоқаев: Бір тілді басқа тілге қарсы қоюға болмайды. Бұл – үлкен күнә
- авторkyn.kz
- 10 қараша, 2026




