Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Денис Теннің жақындары қазақстандықтардан көмек сұрады

Денис Теннің жақындары қазақстандықтардан көмек сұрады
ашық дереккөз
Мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің жақындары қайғылы оқиға орын алған күні сол жерде болған куәгерлерді іздейді
Денис Теннің туыстары қайғылы жағдай орын алған күні, яғни шілде айының 19-ы күні Құрманғазы және Байсейітова көшелерінде болған адамдарды іздейді. “2018 жылы 19 шілдеде сағат 14:50 кезінде Құрманғазы мен Бәйсейітова көшелерінің қиылысында көліктері тұрған азаматтар хабар берулеріңізді сұраймыз. Денис Тенді өлтірген қылмыскерлерге қатысты толық ақпарат жинауға көмектесіңіздерші. Бұл резонанстық істе әрбір деталь маңызды. Бірнәрсе байқап қалған әрбір адамның пікірі маңызды. Бұл жерде маңызды емес деген дүние жоқ! Әрбір деталь маңызды. Автотіркеуіштегі жазбаларыңызды қайта қарап шығуды өтініп сұраймыз. 2018 жылы 19 шілдеде көлігіңіздің қайда тұрғанын еске түсіріңіздерші. Өтініп сұраймыз. Кез келген сенімді ақпарат үшін алғыс айтамыз! Ешкімнің есімі жария етілмейтініне уәде береміз! Тәуліктің кез келген уақытында +7 701 808 80 00 нөміріне хабарласуларыңызға болады”, – деп сұрады Денистің туыстары.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар