Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Ағам зорлады, анам қорлық көрсетті: Бойжеткен басынан өткен сұмдық жайттарды жайып салды

Ағам зорлады, анам қорлық көрсетті: Бойжеткен басынан өткен сұмдық жайттарды жайып салды
ашық дереккөз
Ақмола облысының тұрғыны жас кезінде ағайынды ағасынан жүкті болып қалғанын, өгей анасы ол туралы білмес үшін ішін тартып байлап жүргенін айтып берді

Бойжеткеннің басынан өткен сұмдық жайттарды Немолчи.kz қозғалысының көшбасшысы Дина Смаилова  өзінің парақшасында бөліскен. Онда көпбалалы ана өз басынан өткен сұмдық жайттарды айтып берген.

Оқиға желісімен: Бес балалы үйде, ару екінші болған. Атасы мен апасының тілегімен қызды немере ағасының үйіне беріп жіберген екен. Алайда ағасы әйелі ұлына екіқабат болған кезде қайтыс болып кетіпті.

Осылайша, кейіпкер бала кезінде өз апайының қолына кетеді. Ал ол өгей қызын киіндіріп, тамақтандырып, өзінің биологиялық туыстарына әкеп жүріпті.

Бірақ қыздың тәрбиесімен өгей шешесінің анасы мен әжесі айналысқан екен. Алайда сегіз жылдан соң, күйеуге екінші рет тиген әйелдің өз баласы туылғаннан кейін қарым-қатынас өзгере бастапты.

Ол асыранды қызын ұрып, тіпті, нанның тілімін ғана беріп қинаған екен.

Үнемі немересін қорғап жүретін әжесі жақын күндері қайтыс болып, балақай қорғансыз болып қалады. Мектепте ол ешкіммен сөйлеспей, тек ауыр жұмыстарды орындаған. Алайда оның анасының өзіне деген қарым-қатынасы өзгере қоймаған екен.

Күндердің күнінде ол тіпті қызды пышақпен тілімдеп, қолында тыртық қалдырыпты.

Ал әкесі қайтыс болғанда ата-әжесінің қолына кеткен үйдің үлкен ұлы, яғни, қыздың немере ағасы әскерден келген соң өз әкесінің үйіне оралады. Сол уақытта ол психодиспансерде отырып шығып, анасына қызды ұруға көмектесіп жүрген екен.

Ал кейіннен ол қызды зорлай бастаған. Бойжеткен өзіне бірнеше рет қол салуға да бел буыпты.

Бір күні ол өзінің аяғы ауыр екенін байқайды. Мектепті енді бітірген ару өзінің жағдайы туралы ешкімге айтпауды жөн санайды. Ал тура босанатын сәт келген кезде анасы қыздың жүктілігін бәрібір біліп қойған.

Кейін қыз екі жақтан да қысым көре бастайды. Оған қол көтермеген тек қана өзі өсірген кішкентай інісі болады.

Бір күні ағасы оны өлімші етіп сабап тастаған. Сол уақытта анасы қыздың есі ауысқанын, тексеріп көру үшін қайнаған ыстық су құйып тексеріп көру қажеттігін айтады.

Өгей қыздың шыдамы аллюмин сымымен ұрған кезде бітеді. Ол сол күні үйден кетіп қалады.

Үш күн бойы вокзалда тамақсыз өмір сүрген қыз бір күні адамдардың кафеде тамақтанып отырғанын көріп, шыдамай даяшыдан қалған нандарды сұрап алады.

Вокзалда полицейлер құжат тексеретін болғандықтан, ол онда көп тұрақтамаған.

Ал жұмыс табу қиындық тудырған соң, ару өзін туған әке-шешесіне жіберуді сұрайды. Оның баласы өз әкесімен бірге қалыпты.

Кейіннен ару Алматыға көшіп келіп, осында 15 жыл өмір сүрген екен. Мұнда ол университет бітіріп, алты баланың анасы болып отыр.

Алайда, оның тағы бір баласы бар екенін күйеуі білмейді екен. Келіншек жұбайы алғашқы баласының қалай дүниеге келгенін білсе, өмірі мүлде өзгеріп кете ме деп қорқады екен.

Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар