Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Адам өлтірген жоқ: Серіков жұртты Төреғали жасаған заңсыздыққа кешіріммен қарауға шақырды

Адам өлтірген жоқ: Серіков жұртты Төреғали жасаған заңсыздыққа кешіріммен қарауға шақырды
ашық дереккөз
Күні кеше "Ұлы дала комедиясының" тұсауы кесіліп, Төреғалидің тырнақалды туындысымен әріптестері құттықтауға келген. Қатарында болған Тоқтар Серіков өнердегі інісін құттықтап, оның басына түскен даулы мәселесіне де ойын білдірді

Отандық жұлдыз үнемі даулы мәселеге тап болатын Төреғалиге қатысты өз ойын айтып, өнердегі інісін барынша жақтауға тырысты.

"Шынымды айтсам, ол сәтте қандай жағдай болғанын мен білмеймін. Бәлкім, балалар келінге көнбеген шығар. Бәлкім, басқа бір жағдай болған шығар.

Соншалықты, алып-ұшып даурығатын мәселе емес. Әрине, ұшақты күттіріп қойған дұрыс болмаған. Алайда, ініміз уақытты байқамай қалған шығар.

Кешіріммен қарауға болатын дүние ғой. Құдай сақтасын, біреуді атып, біреуді ұрып, мерт қылған жоқ. Аса үлкен қылмыс көріп тұрған жоқпын.

Қоғамда ауыр қылмыс жасаса да талтаңдап жүрген бай-шонжарлардың еркесі көп. Сол мәселелерді қолға алған дұрыс деп ойлаймын" , - деген әнші керісінше "Ұлы дала баласын" өзгеге үлгі ету керектігін айтты.

"Қателеспеу үшін де қателесу керек. Ең бастысы, сол қателікті қайталамауға тырысу мақсат. Біздің қоғамда шаштарын қызыл-жасылға бояған, құлағы мен мұрнын тесіп, намысты ұмытқан еркектер қаншама.

Меніңше, сондай қыз секілді еркектер қоғамды ластап жүрген кезде Төреғали секілді ар-ожданы биік, діні мен тілін жетік білетін жастар болашақ ұрпаққа үлгі болмақ. Жаңылмайтын жақ, сүрінбейтін тұяқ болмайды", - деп інісіне қолдау көрсеткен Тоқтар мырза ағалық ақылын да айтып өтті.

Сондай-ақ , Тоқтар Серіков Төреғалидің фильмінің алғашқы жабық көрсетіліміне не себепті Бейбітсіз келгенін түсіндірді. Анықталғандай, әншінің жұбайы жақын арада дүниеге төртінші балаларын әкелмек.

"Қазір Бейбіт көпшілікке көп шығып жүрген жоқ. Шаңырағымыздағы шілдехананың да ауылы алыс емес. Айы-күні жеткендіктен ол кісі үйде.

УЗИ деген бар ғой. Өмірге кімнің келетінін мен білемін. Өте қуаныштымын.

Бірақ, қазір жариялап айтпай-ақ қояйын. Ең бастысы, аман-есен болып дүниеге келсін деп тілеймін. Қуаныш күні сүйінші сұраймын", - деді Серіков.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар