Басты жаңалықтар
Ақбота Сейітмағамбет жүкті екенін айтып, жұртты сүйсінтті
- автор kyn.kz
- 16 қазан, 2018
- 593
Атышулы жұлдызды жұптың шаңырағында қуаныш. Дәурен мен Ақбота екінші сәбилерін күтіп жүргенін растады
“Баламыз болады енді бұйырса. Бірақ тіл-көзге сенетін қазақпыз ғой. Тіл-көзден аман болу үшін барынша жасырынамыз. Бірінші ұлыма аяғым ауыр болған кезде ауыр сөздер жазғандар болатын. Жүкті кезде баламды жоғалтып ала жаздадым да. Сондықтан да қазірде қорқамыз”, – дейді Ақбота.
Дәурен мен Ақботаның тұңғыштары Ибрагим 1 жастан асты. Бұдан бөлек, актердің алғашқы некесінен екі қыз, бір ұлы бар. Ал Дәурен ел демографиясына өлшеусіз үлес қосуды басты парызының бірі санайды.
“Жетеу деп айтқанмын өзімнің ниетімді. Ал ары қарай Алланың қалауымен. Негізі 5 бала. Бірақ Алланың бұйыртқаны болады. Қазір енді 4 бала ғой. Қазір төртеу жеткілікті”, – дейді Айдарқұлов.
Ай-күні жақындаса да, Ақбота Сейітмағамбет декреттік демалысқа асығар емес.
“Негізі өнер адамдарында декреттік өмір деген жоқ. Көбінесе жүкті кезінде де, босанса да таңнан кешке дейін сол түсірілім алаңында жүреді. Барлығымыз сондаймыз. Менде енді декреттік өмір айтарлықтай жоқ. Босанатын кезде бір апта ғана демалмасам!” – дейді Ақбота-Нұр.
“Ақбота да шығармашылық адамы болғаннан кейін, үйде бірге ақылдасамыз. Осындай түсірілімді қалай түсірген дұрыс деп. Сол себепті Ақботаның декрет кезінде де түсірілімге қатысуы өте жиі болып тұрады”, – дейді Дәурен Айдарқұлов.
Жұлдызды жұптың айтуынша, отбасы жақын арада жаңа жанмен толығады. Ақбота Жаңа жыл қарсаңында сәбиін құшағына алуы тиіс.