Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Таразда қос дөкейдің төбелесі камераға түсіп қалды

Таразда қос дөкейдің төбелесі камераға түсіп қалды
ашық дереккөз
Тараздағы темір жол вокзалы басшысы мен орынбасарының жұмыс орнында жаға жыртысуы үлкен дауға ұласты.
Әлеуметтік желіге тараған төбелес қазір қызу талқыланып жатыр. Осы жағдайдан кейін беделімізге нұқсан келді деді ме, әйтеуір «Қазақстан Темір жолы» қызу қанды қызметкерін жұмыстан қуған,-деп жазды КТК арнасы. Мына кадрда кабинеттен дәлізге шыққан бойда екі кісі алыса жөнеледі. Шомбал денелісі вокзал басшысы Талғат Төлебеков дейді мұндағы қызметкерлер. Ал оған әлі жетпей астында қалған орынбасары Мақсат Садығұлов екен. Жаға жыртысқан басшыларын қол астындағылары ажыратып әлекке түскен. Бірақ қызу қанды Төлебеков сонда да қояр емес, Садығұловты соңынан қуып барып тағы сабамақ болған. Төбелестен ешкімнің басы жарылып көзі шыға қоймағанымен осы әрекеті үшін Төлебеков әкімшілік жауапқа тартылып, 24 мың теңге айппыұл төлеген. Және бұл жағдай үлкен дауға ұласқасын қызметінен де қуылды. Бірақ бұрынғы вокзал басшысы бұл істі жай қалдырмаймын дейді. Ол видеоны әлеуметік желіге жүктегендерді сотқа сүйремек. Ал, өзі орынбасары бұйрығына бағынбай, аузына келгенін оттап балағаттағасын осылайша сабасына түсірмек болдым деп ақталды. "Тараз қаласының вокзал ғимаратында болған оқиға 22-ші мамырда болған.  Компания комиссия құрып тексеріс өткізілді. Комиссия шешімімен Тараз вокзалы басшысымен жұмыс шартын үзу туралы шешім қабылданды",-деді «ҚТЖ» ҰҚ АҚ магистралдық желі дирекциясының вокзал шаруашылығы бойынша атқарушы директоры Жұбан Көрпебаев.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар