Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Назарбаева: Қытай тілін үйреніңдер. Болашағымыз сонда жатыр

Назарбаева: Қытай тілін үйреніңдер. Болашағымыз сонда жатыр
ашық дереккөз
Алматы жастарымен кездесу өткізген Дариға Назарбаева оларға үндеу жолдады

Жастарға үндеу жолдаған Дариға Назарбаева сөзін былай бастады:

"Қытай тілін оқыңдар. Мен мұны қадап айтамын. Ұлтшыл патриоттар мені осы пікірім үшін сөгіп жатады. Бірақ, болашақ сонда деп ойлаймын. Қытай нарығының мүмкіндігі шексіз. Халқының санын айтсаңызшы. Қандай іс бастамаңыз, миллиардер болып шыға келесіз.

Орыс тілін ұмытуға болмайды. Біз ортақ экономикалық, кедендік аймақтамыз. Шекара арқылы да еш кедергісіз өтуге болады. Бұл - үлкен артықшылық, сондықтан оны пайдалана білуіміз керек. Кез келген істі қолға алғанда осы нарықтардағы сұраныс туралы ойлану керек. Одан бөлек, бұл - бейбітшілікті сақтаудың ең жақсы тәсілі. Экономикалық қатынастарымыз өте тығыз. Сондықтан, жауласқаннан гөрі өзара тиімді түрде сауда-саттық жасаған пайдалырақ. Біздің жастар өте отансүйгіш", - деді Дариға Назарбаева.

Сонымен бірге, ол қытай нарығымен жұмыс істегісі келетін азаматтардың қытай тілін оқығаны абзал екенін де еске салды.

"Өзге елдерді тану дегеніміз отанды сату деген сөз емес. Бұл күлкілі. Бірақ егер қытай нарығында жұмыс істегіңіз келсе, тіл үйреніңдер. Қытай компаниялары миллиардтаған қаражатты инвестициялады, ал қазақстандықтар жұмыспен қамтылып, табысқа кенеледі. Қазақстандық нарық жаңа өнімге ие болады. Синергетикалық тұрғыдан ықпалы өте зор, сондықтан одан қорқудың қажеті жоқ. Тәуелсіздік жылдары Еуропа, Америка мен Қытайдан 20 млрд доллардан астам қаражат тартылды", - дейді ол.

Сенатордың айтуынша, ТМД елдерінің ешқайсысы мұндай нәтижеге қол жеткізген жоқ. Оның пікірінше, Қазақстан көршілес елдермен салыстырғанда бірнеше онжылдыққа алға дамып кеткен.

"Сенбесеңіздер, барып, көріп қайтыңыздар. Бейбітшілікті қандай тәсілмен болса да, сақтап қалу керек. Ешқандай проблеманы қақтығыс арқылы шешуге болмайды. Біз тәуелсіздік жылдары елімізде қантөгіс болмағаны үшін президентке алғыс айтуымыз қажет. Біздің жігіттер де соғыс көрген жоқ", -деді Назарбаева.

Сонымен бірге, кездесу барысында Дариға Назарбаева елордада қазақтың ұлттық тағамдары ұсынылған мейрамхана жоқтың қасы екенін айтып, наразы болған. Ол жас кәсіпкерлердің осы мәселеге назар аударуын сұрады.

Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар