Басты жаңалықтар
Көкшетауда сегізінші баласына жүкті әйел отбасымен далада қалды
- автор kyn.kz
- 17 қазан, 2018
- 204
Марина: Күйеуім түнде таксиші, күндіз құлап тұрған үйдің тесігін жамаумен айналысады
Жеті бала асырап отырған отбасының үйін нөсер шайып кеткен. Отбасы көпбалалы болғаны үшін оларды ешқандай да жалдамалы пәтерлер иелері алғысы келмейтін көрінеді. Бұл туралы КТК арнасына сілтеме жасап KYN.KZ хабарлайды.
“Төтенше жағдай комитетіндегілер жағдайымызды көріп, арнайы растау қағазымен бекіткен. Аулады үйдің терезесіне дейінгі жарты метр су болды. Барлық жиһаз, батып кетті. Үйдің қабырғасы гипсқартонмен қапталған, барлығы басылып қалды. Үй ғана сұраймыз, қандай болса да бәрбір. Кішкене тұра тұруға арналған пана жер болса болғаны. Батыр-ана мәртебесін иеленгенмін”, — дейді Марина Бехтольд.
Ол өзінің тұңғышын 16 жасында туған. Қазір 7 баласы бар. Жанұясында тек күйеуі жұмыс істейді. Күндіз үйдегі тесіктерді жөндеуге тырысады, ал кешке таксиші. Олар 2016 жылы ғана тұрғын үй алуға кезекке тұрған. Алайда кезек саны 3424.
“Қанша уақыттан кейін екенін, әрине, ешкім айтпайды. Бірақ оны кезектен тыс беруге негіз жоқ” , — дейді Көкшетаудағы тұрғын үйді басқару ведомствосы.
Әйел көмек сұрап мемлекеттік мекемелердің де табалдырығын аттаған. Ол жердегілер оған балаларды жетімдер үйіне өткізуге кеңес берген. Сосын тұрғын үймен көмектсуге талпынған. Бірақ ешнәрсе шыққан жоқ.
“Балаларды жетімдер үйіне тапсыру туралы ұсыныс білдірді. Сосын Саина, 28 деген жерде тұрған “Ана мен бала” орталығын көрсетті.
“Балаларды жетімдер үйіне тапсыру туралы ұсыныс білдірді. Сосын Саина, 28 деген жерде тұрған “Ана мен бала” орталығын көрсетті. Біз бардық, ал ол жерде кезбелер. Лас, кір. Мемлекеттің біз сияқты адамдарға арналған уақытша үйі болмағаны ма? Біз ғана зардап шеккен жоқпыз ғой”,— дейді ол.
Марина Бехтольд балаларымен қайда түнерін білмейді. Сонымен қатар, әйел 8 баласына екіқабат.