Forbes әлемдегі табысы ең жоғары спортшылардың рейтингін жариялады.
Белгілі қазақстандық боксшы Геннадий Головкин тізімнің алғашқы жүздігіне енген
Forbes нұсқасы бойынша, Сауль "Канело" Альварес табысы ең көп спортшылардың арасында 15-ші орын алды. Ал отандасымыз Геннадий Головкин тізімнің екінші жартысына орналасқан, деп хабарлайды sports.kz.
"Канелоның" жылдық жалақысы 44,5 миллион долларды құрайды, Forbes тізімінде мексикалық боксшы 15-орынға жайғасқан. Қарымта жекпе-жекте Альварестен жеңілген Геннадий Головкин әлемдегі табысы ең көп 100 спортшының арасында 72-орында тұр.
Қазақстандық былғары қолғап шебері он екі айда 25 миллион доллар (қазіргі бағаммен шамамен — 9 миллиард 100 миллион теңге: айына шамамен — 758,3 миллион теңге) табыс тапқан.
Бай спортшылар рейтингінде америкалық боксшы кіші Флойд Мэйвезер көш бастаған. Оның табысы — 285 миллион доллар. Екінші орында — "Барселона" шабуылдаушысы Лионель Месси, оның жалақысы 111 миллион долларға дейін барады. Ал үштікті "Ювентус" форварды Криштиану Роналду тұйықтады. Роналду айына 108 миллион доллар табады.
Forbes болжамынша, 2019 жылы Сауль Альварес Лионель Месси, Криштиану Роналду, ЛеБрона Джеймс пен Роджер Федерерді басып озып, табысы ең көп спортшылардың көшін бастамақ. Мексикалық боксшының табысы үш есеге артып, 120 миллион доллардан асады деп болжанып отыр. Келесі мақала