Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Қазгидромет: Қазақстанда ауа райы қазіргіден де суытады

Қазгидромет: Қазақстанда ауа райы қазіргіден де суытады
ашық дереккөз
Синоптиктер демалыс күндеріне ауа райы болжамын айтты
Синоптиктер 20-22 қазанда Қазақстан арқылы суық атмосфералық фронттар өтетінін айтады.
Оңтүстік және оңтүстік-шығыста жоғары атмосфералық қысым аясында ауа райы жауын-шашынсыз болады, бірақ оңтүстік-шығыста алдағы түнде кей жерлерде қар жаууы мүмкін, және ауа температурасы күндіз плюс 13…20 градусқа дейін жылынады. Синоптиктердің мәліметіне сүйенсек, Астанада 20 қазанда күндіз ауа температурасы +5..+7 жылы, түнде  —3..-5 аяз. 21 қазанда күндіз температура +8..+10 нөлден жоғары, түнде – +2..+4. Алматыда 20 қазанда күндіз ауа температурасы +7..+9 жылы, түнде 0..+2, 21 қазанда күндіз +11..+13 жылы, түнде +1..+4. Шымкентте 20 қазанда ауа райы +16..+18 жылы, түнде +2..+4, 21 қазанда +19..+21 жылы, түнде +2..+4. Бұдан бұрын Қазгидромет синоптиктері хабарлағандай, алдағы қыс Қазақстанда өте суық болады. Мәлімет бойынша, қараша айында аяз түсіп, жауын-шашын, ұйытқыған жел, көктайғақ және тұман болады.  
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар