Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Ақмола облысында халал шұжық жеген бала қайтыс болды

Ақмола облысында халал шұжық жеген бала қайтыс болды
ашық дереккөз
Ақмола облысында үш бала астан уланды! Олардың бірі қайтыс болса, екеуі ауруханада жатыр. Болжам бойынша, балалар шұжықтан уланған. Қазір дәрігерлер сауда орнындағы шұжық өнімдерін бастан аяқ тексеріп жатыр. Ал шетінеген екі жарым жасар қыздың ата-анасы шақырылған дәрігер уақытылы келгенде, құтқарып қалуға болар еді дегенді айтады. Олардың сөздерінше, күндіз шақырылған маман кешке бір-ақ келген. Тұңғыш қыздары Айзереден аяқ астынан айырылған Шәшкеновтер отбасы бәрі қонаққа барудан басталғанын айтады. Екі жарым жастағы Айзере әкесіне еріп, көрші отырған ағасының үйіне барып, түстік ас ішкен. Сонда ойын баласы дастархандағы халал шұжықты қайта-қайта сұрап жеген. Ертеңіне іші өтіп, құсып қатты ауырады. Бірақ күндіз шақырған ауыл дәрігері кешке бір-ақ келді дейді Айзеренің туыстары. "Ауылдағы дәрігерге сағат 3-тің кезінде хабарласқан. Ол кісі 9-дан аса бір-ақ келді сиырын сауып.  6 сағаттың ішінде не болады баламен? Мен өзі бір жұма бұрын ауылға барғам алдымда жүгіріп жүрген «ата», «ата» деп. 5 күн өткеннен кейін барып жерлеп келдік.", -деді  Айзеренің ағасы Ержан Шәшкенов.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар