Басты жаңалықтар
Павлодарда қоқыстан табылған баланың анасы колледж студенті екені анықталды
- автор kyn.kz
- 23 қазан, 2018
- 326
Студент туыстарынан жүктілігін жасырып, баланы сау етіп үйінде босанған
Полицейлер сәбидің анасың тез арада тапты. Ол Ақсу қаласындағы колледж студенті болып шықты, деп хабарлайды Sputnik.
“Баланы үйде туған. Өзі Ефремовка ауылынан. Сабағы кезінде Ақсуда ағасымен, әпкесімен тұрған. Т
уыстарынан жүктілігін жасырған. Есепте тұрмаған. Бала өмірге сау болып келген. Салмағы 3 келі 450 грамм. Бойы 51 см. Қазір босанған қыз қаладағы орталық ауруханаға жатқызылды.
Оған гинеколог пен психолог көмектесіп жатыр”, – дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Эльмира Темірғалиева.
Студен қыздың баласынан не себепті бас тартқаны алдағы уақытта анықталады.
Айта кетейік, жаңа туған сәбиің денесі 21 қазан күні қоқыс жәшігі маңынан табылған еді.