Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Алматылық әйел баласының басын әдейі биттетіп, оны сатумен айналысып жүр

Алматылық әйел баласының басын әдейі биттетіп, оны сатумен айналысып жүр
ашық дереккөз
Әйел: Біреуі 1 500 теңге. Бір әйел аптасына онын алады.
Бит сатамын. Қымбат емес, 1000 тг. Қазір әлеуметтік желіні ақтарып отырсаңыз, дәл осындай хабарландыруларды көзіңіз шалады. Қапелімде, әшейін еріккендердің ермегі деп ойларсыз, алайда мән берсеңіз үлкен проблема, деп жазды "Еуразия" арнасындағы "Басты бағдарлама" қорытынды жаңалығында. Баланың басы – бизнестің нысаны, ақшаның көзі болып отыр. Өйткені бит сатып, пайдаға кенелмек болғандар оны қайда өсіреді? Түсінікті, иә!? Енді сұрақ: Бұл кәсіп қайдан пайда болды, тіпті неге пайда болды? Капитализмнің қарапайым қағидасы. Ұсынысты сұраныс тудырады. Яғни бит сатқыштар болса,  алатындар кім? Бит бизнесінің қыр-сыры туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды. Баршамыздың есімізде бар шығар, әсіресе қыздардың, бала кезде анамыз осылай шашымызды тарап, таза ұстауға тырысатын! Алайда қазір сол тазалақты әдейі ұстамау арқылы баланың басын бизнеске айналдырып отырғандар бар! Әрі бұған қатігездің қатігезі ғана бара алса керек! Себебі, есі дұрыс ана мынадай періштесіне қиянат жасамайтыны анық қой! «Биттен бизнес жасап жүргендер әлеуметтік желіде жетеді.Соларға хабарласып, әлгі кәсіпкерсымақтардың бірін кездесуге шақырдық!» - дейді Еуразия бірінші арнасының тілшісі. - Киіз деген деген поворот бар ма?Соның мына жағында ия? Скиф деген магазин көрдіңіздер ия? Белгілі болғандай, 40 жастағы әйел сіңлісі екеуі бұл бизнеспен айналысып жүргеніне екі жыл болыпты! -Қанша бір штугы? -Бір штугы мың жарымнан деп айттым ғой! Паразитті балаларының басында  әдейі өсіріп отыр! -Төртінші класс ол сабаққа бармай ма? Қалай осылай бит болып бара ма? - Енді қайтеміз шашы қалың! Айтуларынша бұл іске жеке басының табысы үшін емес,түрлі аруға шалдыққан науқастарға көмектесу мақсатында бет бұрған-мыс! - Бизнес жасаған емес, ол енді,басында больницада жатты, ауырып, сосын оларға ішкізді. Олар жазылып кетті, сөйтіп, сөйтіп кетті. Қазір, бұл мафияның тіпті тұрақты клиенттері де қалыптасқан көрінеді! - Бізде бір больной бар, апта сайын заказ береді.10 сары ауруға как раз алады да, сіз каз мынаны пенцилиннің банкасына салып бірден жеткізіп ішу керек қой! Алайда, медицина саласының маманы Бақыт Түменова бұл барып тұрған алаяқтық дейді! Себебі, аталған паразиттердің пайдасын растайтын медицинада ешқандай факт жоқ! Керісінше бит түрлі ауруларды таситын жәндіктер қатарынан. «Көбіне жиі кездесетін ол пиодермия, денеде сыздауық пайда болады. Фимктермия деп аталады. Вульгарлы эктима. Осындай ауруларға алып келеді. Оны емдемеген жағдайда ол инфекция жұқпалы болып келеді. Сол үшін ол көп кездесетін мектепте, жатақханада, казармаларда, түрмелерде көп болады» -  дейді дерматолог Рауа Тұрсынбаева. Бірақ, соған қарамастан халық оның емдік қасиеттеріне сенетін көрінеді. «Бір күні дежурствода отырсам, терезе алдында еркек адамның даусын естідім. Балам қарама ол не екенін тез-тез же деп!Сосын мен медсестрама айттым, бар қарашы анау нені жеп деп жатыр деп! Медсестра барса қолында алма.Алманы кесіп, бит салған! Барып қарасам, сол жерде бит жатыр!» - дейді «Аман-саулық» қоғамдық қорының президенті Бақыт Түменова, Мамандар бұған ең бірінші себеп – қаралық, яғни медициналық сауатсыздық десе, екіншісі ол жанның тәттілігі! Дертіне дәрігерден дауа таппаған көм адам, шарасыздықтан халықтық ем-домға жүгінеді. Демек, кім біледі? Бәлкім расыменде, емшілердің арасында битпен емдейтіндер бар шығар?Өздерінен сұрап білуді жөн көрдік! «Оған келіспеймін, мүмкін емес ол!Ол бит қандай адамдардан келген! Қандай адамның қанымен қоректенген! Айтып тұрмын ғой бит деген қан сорғыш жәндік! Тегінде бит деген нәрсе ол жәндік қан сорғыш! Улы ол, қан сорып біткен соң орнында өліп қалады!Битпен емделді деген адамды естімеппін!» - дейді емші Құралай Тезекбаева. Осы себепті мамандар көпті көзсіз пенде болмауға шақырады!Өйткені, ауруыңызға ем іздеп жүріп, тағы бір ауруды іліп алуыңыз әбден мүмкін!
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар