Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Алматыда досымен бәстесіп қарсы жолмен көлік жүргізген жігіт жауапқа тартылды

Алматыда досымен бәстесіп қарсы жолмен көлік жүргізген жігіт жауапқа тартылды
ашық дереккөз
Ол әл-Фараби даңғылында қарсы бағытқа қарай бір сағат жүрсе досынан 80 мың теңге алатын болған.
Алматыда әл-Фараби даңғылында қарама-қарсы бағытпен көлік жүргізген 19 жастағы Қуаныш Әкімге қатысты сот талқылауы өтті. Сотта жас жігіт неліктен ереже бұзғанын түсіндірді. Алматы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотында Қуаныш 80 мың теңгеге досымен бәс тіккендіктен, бір сағат бойы қарама-қарсы бағытпен жүруі тиіс болғаны анықталды. «Құқық бұзушы ақша үшін және Instagram-дағы парақшасына жұрттың назарын аудару үшін әкімшілік құқықты бұзған. 22 қазан күні 23:30-да азамат Қ. Әкім Назарбаев даңғылынан Мұстафин көшесіне дейін қарама-қарсы бағытпен жүрген. Бұл әрекеті арқылы айналадағыларға құрметсіздік танытып, қоғамдық тәртіпті бұзған», - делінген соттың баспасөз қызметінің мәлімдемесінде. Бұрын жүргізушіге қатысты жол қозғалысының 7 ережесін бұзғаны үшін хаттама толтырылғаны хабарланған болатын. Бәс тіккіш жігіт әкімшілік жауапқа тартылып, көлігі айып тұрағына жіберілді.      
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар