Басты жаңалықтар
Шымкенттегі басына оқ тиген әкім орынбасарының ұлы болған жағдай туралы сұхбат берді
- автор kyn.kz
- 24 қазан, 2018
- 700
Болат Жаппаров: Анам қазір ауруханада, оқ тиген жерін дәрігерлер бірден тікті.
Түркістан облысында оқ жарақатын алған Төле би ауданы әкімінің орынбасары Рабиға Бейсебаеваның ұлы Шымкент ауруханасында жатқан анасының жағдайын білу үшін шұғыл түрде Астанадан келді, деп жазды жергілікті "Отырар" арнасы.
«Анама жасалған қастандық туралы түсте білдім. Дереу Астанадан ұшып келдім. Маған айтылғандай, біздің үйіміздің маңында анама оқ атылған, оның басы жарақаттаныпты.
Мен бірден ауруханада жатқан анама барып, жағдайын білдім. Жарасын бірден тіккен. Қазіргі уақытта жағдайы қанағаттанарлықтай. Бұған дейін мұндай жағдай болған емес», – дейді Болат Жаппаров.
Рабиға Бейсебаеваның әріптестері оның осы қызметте жеті жылдан бері отырғанын айтады.
Келесі мақала
Жігер Аупбаевқа қарағанды халқы көлік мінгізді (видео)
Ұқсас жаңалықтар
Басты жаңалықтар
Қасым-Жомарт Тоқаев: Қазақ елі барда қазақ тілі тұғырдан түспейді
- авторkyn.kz
- 10 қараша, 2026
Басты жаңалықтар
Тоқаев: Бір тілді басқа тілге қарсы қоюға болмайды. Бұл – үлкен күнә
- авторkyn.kz
- 10 қараша, 2026




