Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

2019 жылы қаңтарда өтетін ҰБТ-ға кімдердің қатысатыны нақтыланды

2019 жылы қаңтарда өтетін ҰБТ-ға кімдердің қатысатыны нақтыланды
ашық дереккөз
Қаңтарда тестілеуге қатысқандардың сертификаты тек ақылы негізде оқуға жарайды
Келер жылдан бастап талапкерлер ұлттық бірыңғай тестіні қаңтар айында да тапсыра алады. Алайда осы тестілеуден кейін талапкер ЖОО-да тек ақылы негізде оқитын болады.
Қаңтар айында өтетін тестілеуге өтініштер 1-15 желтоқсан аралығында қабылданады. Мемлекеттік білім беру гранттарын негізгі ҰБТ тапсырғандар ғана иелене алады. 2019-2020 жылдары ЖОО-да ақылы негізде білім алу үшін орта мектептердің 11 және 12-сынып оқушыларының тест тапсыру мүмкіндігі бар. Мұнымен қатар, қаңтар айында өтетін бұл тестілеу түлектерге негізгі тестілеу алдында өз білімдерін тексеріп көрудің таптырмас жолы болмақ. Яғни түлек осы тестілеуден кейін 2019 жылдың жаз айында негізгі тестілеуге қатысып, балл саны жеткен жағдайда мемлекеттік грантқа үміткер болады. Ал қаңтар айындағы тестілеу кезінде шекті балл жинаған талапкер осы кезде берілетін сертификатпен университетте тек ақылы негізде оқи алады. Мұнымен қатар, бұл тестіні ЖОО-ға уақытша тіркелген және бірінші семестрді аяқтап жатқан студенттер тапсыра алады. Бұл тестілеуге студент өзі білім алып жүрген оқу орнына ресми тіркелу үшін және ЖОО-дағы оқуын жалғастыру үшін қатысады. Егер студент ең төмен 50 балды жинай алмаса, оқудан шығарылады. Естеріңізге сала кетсек, қаңтар айында өткен тестілеуге қатысқан талапкерлер маусым айындағы ҰБТ-ға қатысу және мемлекеттік грантты иелену мүмкіндігінен айырылмайды. Тестілеуге қатысу үшін өтінішті ұлттық тестілеу орталығының ҰБТ тапсыру пунктеріне беру қажет. Қаңтар айындағы тестілеу құны — 2 242 теңге.  
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар