Басты жаңалықтар
Қаржы пирамидасына алданған халық "Ақжайнақ" әнімен танылған әншіден ақшаларын ала алмай жүр
- автор kyn.kz
- 24 қазан, 2018
- 737
Астана полициясы әнші Амангүл Орынбасарқызына алданғандардың арызын әлі қабылдап жатыр
Қаржы пирамидасының құрбандары танымал әншіден ақшаларын қайтара алмай жатқандарын желіде жарыса жазып жатыр.
Елордалық полиция департаментінің мәліметінше, әртіс осы жазда "Ақжайнақ" қаржы ұйымын құрған.
Әнші әйел 20 мың теңгеден жинап, соңынан екі адам ертіп әкелген қазақстандықтарға ақшаны екі есе етіп қайтаруға уәде берген. Халықтың әлеуметтік осал топтары алаяқтықтың құрбаны болған.
Қазір Қылмыстық кодекстің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша алдын ала тергеу жүргізілуде.
Полицейлер әртістің алаяқтық әрекетінің құрбаны болғандарды құқық қорғау органдарына хабарласуды сұрайды. Тәртіп сақшылары қырағылық танытып, күмәнді ұйымдарға сенбеуге кеңес береді.
Ұқсас жаңалықтар
Басты жаңалықтар
Қасым-Жомарт Тоқаев: Қазақ елі барда қазақ тілі тұғырдан түспейді
- авторkyn.kz
- 10 қараша, 2026
Басты жаңалықтар
Тоқаев: Бір тілді басқа тілге қарсы қоюға болмайды. Бұл – үлкен күнә
- авторkyn.kz
- 10 қараша, 2026




