Басты жаңалықтар
Нурмагомедовке "тәртіпсіздігі үшін" жаза қолданылды
- автор kyn.kz
- 25 қазан, 2018
- 279

Хабиб Нурмагомедовке Макгрегорды жеңгені үшін гонорардың тек жартысы төленеді
Лас-Вегаста Хабиб Нурмагомедов – Конор Макгрегор жекпе-жегінен кейінгі тәртіпсіздіктерге қатысты іс бойынша Невада штаты спорт комиссиясының (NSAC) алғашқы тыңдауы өтті.
Sports.kz ESPN басылымының аралас жекпе-жек саласындағы белгілі журналисі Ариэль Хельваниге сілтеме жасап хабарлағанындай, комиссия Нурмагомедовке гонорар ретінде 1 миллион доллар (2 миллион доллардан) төлеуге шешім қабылдады.
Қаржының екінші жартысы тергеу нәтижесі бойынша түпкілікті шешім қабылданғанға дейін бұғаттала тұрады. Ол шешім желтоқсанда қабылданады деп болжануда.
Естеріңізге сала кетейік, екі спортшы да 10 желтоқсанға дейін рингтен шеттетілді. Макгрегордың ресми гонорары (3 миллион доллар) толық көлемде төленді.
Ұқсас жаңалықтар
Басты жаңалықтар
«Қар аралас жаңбыр»: 19 сәуірге арналған ауа райы болжамы
- авторТомирис Тоныкөк
- 18 сәуір, 2025