Басты жаңалықтар
2019 жылы Қазақстанда магистратураға түсу ережелері өзгереді
- автор kyn.kz
- 25 қазан, 2018
- 653
Бұған дейін депутаттар ЖОО-да магистратураға түсушілердің гранты саудаланып жатқанын айтқан еді.
ҚР премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев 2019 жылдан бастап магистратураға қабылдау ережелері өзгеретінін мәлімдеді.
Бұған дейін «Халық коммунистері» фракциясы магистратураға қабылдау ережелерін сынаған еді. Олардың пікірінше, магистратураға қабылдауды жүзеге асыратын қабылдау комиссиясының мүшелерін ЖОО ректоры тағайындайды.
Өз кезегінде бұл сыбайлас жемқорлыққа жол беруі мүмкін. Гранттар сауда нысанына айналып кетуі мүмкін, деген еді фракция өкілдері депутаттық сауалды.
Өз кезегінде үкімет басшысы 2019 жылдан бастап магистратураға қабылдау тәртібі бакалавриаттағыға ұқсас ережелер бойынша жүзеге асатынын айтты.
«2018 жылы 17 мамандық бойынша магистратураға қабылдау БҒМ-ның Ұлттық тестілеу орталығы әзірлеген технология бойына кешенді тестілеу арқылы пилоттық тәртіпте өтті.
Кешенді тестілеу нәтижесінде, үміткерлерге жинаған баллы көрсетілген сертификат берілді. Үміткерлер аталған сертификаттар негізінде бакалавриаттағы тәрізді, ЖОО-ны өздері таңдады», – дейді Сағынтаев.
Сонымен қатар премьер-министр магистратураға қабылдаудың жаңа ережелерін енгізу магистратураға қабылдау процедурасының ашықтығын қамтамасыз ететінін айтты.
Ұқсас жаңалықтар
Басты жаңалықтар
Қасым-Жомарт Тоқаев: Қазақ елі барда қазақ тілі тұғырдан түспейді
- авторkyn.kz
- 10 қараша, 2026
Басты жаңалықтар
Тоқаев: Бір тілді басқа тілге қарсы қоюға болмайды. Бұл – үлкен күнә
- авторkyn.kz
- 10 қараша, 2026




