Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Ерке Есмахан Шымкент халқымен киносын бірге көруге барып, бірден ауруханаға түсіп қалды

Ерке Есмахан Шымкент халқымен киносын бірге көруге барып, бірден ауруханаға түсіп қалды
ашық дереккөз
Әнші: Осыншама жауапкершіліктің ауыртпалығын көтере алмай, шорт сынып кеткендеймін
Әнші бүгін кинодағы төл туындысын Шымкент халқымен бірге көру үшін Оңтүстікке барған. Бірақ Ерке халықпен жүздесуге бара алмай қалған. Себебі денсаулығы бірден сыр беріп, жедел жәрдем шақыртқан көрінеді. "Достар! Мен киноның xалыққа жол тартатын осы күндерін қатты күтіп едім. Кешеден бері түнімен ұйықтай алмай, мазам қашып, бүгін Шымкентке келіп, есімнен танып құлап қалдым.Ауруxанадан бір шықтым. Бүгін шымкенттік көрерменмен бірге кинозалдан фильм тамашалау жоспарланған еді. Бұйырмады... Кешірім сұраймын! Кино шықты деп арқамды кеңге жайып жібергендік пе, не болғанын түсінбей қалдым. Жан-жақтан көмек көрсетіп жүгіріп жүрген жандарға ризашылығымды білдіремін. Құрметті отандастар! Өздеріңіз үшін түсірілген "Маxаббат" кафесі" фильміне барып, қолдау білдірсеңіздер. Әйел адам нәзік келеді бәрібір. Осыншама жауапкершіліктің ауыртпалығын көтере алмай, шорт сынып кеткендеймін.Алла жар болсын",-деп жазды желідегі парақшасына Ерке Есмахан.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар