Басты жаңалықтар
Бекжан Тұрыс баланы қазақы, заманына сай етіп тәрбиелеудің құпиясын айтты
- автор kyn.kz
- 26 қазан, 2018
- 1.7k
Актер: Әкесі баласына айтпаса, оны ұл-қызымыз қайдан біледі?
Танымал актер театр сахнасында ұлы Мағжанмен бірге талай өнегелі, рухани мирасқа толы образдарды сомдады. Көпшілік сол қойылымдардың бір кітаптан артық рухани азық екенін айтып жатты.
Актер өнегелі, тәрбиелі, заманына сай ұрпақ тәрбиелеудің бүгінгі үлгісін ұсынып жүрген әке. Көпшіліктің отбасылық мәселесіне айналған түсініспеушілікті қалай жылы әрі жұмсақ шешудің жолын сахнада ұсынбақшы.
"Қазақтың мүддесін қара басының қамынан жоғары қоятын, ұлттық құндылықтарды сақтап, оны заманға сай сабақтастыра білетін шынайы перзенттерді іздеп алаңдау, көргісі кеп армандау – қай замандағы да әкенің асыл мұраты болса керек.
Жақты жауыр еткен тіл мен ділдің дертін айтпағанда, қазақты қиын күндерден аман алып шыққан қарапайым ер-тұрманнан бастап, қыл аяғы үйімізге қыдырып келген қонақтың қасиетін білуден де қалып бара жатқанын баласына әке ұғындырмаса, ол қайдан біліп өспек?
«Әке – балаға сыншы», бауыр еті баласының қурай басын сындырмас қуыс кеуде болып өспей, экран ішінде есіргендерге еліктемей, ұяда сіңірген ұятын сақтап, әулет абыройын асқақтатып, әлеуметтің жайын ойлар азамат болып ержеткенін қалайды.
Бүгінде ауыл баласының өзі мұны там-тұмдап түсінетін жағдайға жеткенде қала баласына ұқтыру – әке үшін қиынның қиыны. Десе де, менің ұлтымда ғана бар, қазақтай текті xалыққа ғана жарасатын салтымның сақталуын,
дәстүрімнің дәріптелуін қадағалап, әдет-ғұрпымның ерекшелігін өз ұлыма сыр ғып саxнада айтам, киеге айналған қазақы қасиеттің жоғалмауын, ұлтыма тиесілі қазынаны ешқашан жоғалтпауын өрімдей ұл-қызымнан өтінбекпін.",- дейді Бекжан Тұрыс.