Басты жаңалықтар
Сирияда содырлар 3 қазақстандық әйелді өлім жазасына кесті
- автор kyn.kz
- 26 қазан, 2018
- 197
Үш қазақстандық әйел отандастарын өлтіріп, ақшасын тартып алмақ болған
Сирияда үш қазақстандық әйел өздерінің отандастары мен 7 жасар баланы елге оралуға ақша алу үшін өлтірді.
Алайда жантүршігерлік қылмысқа барған қазақстандықтар отанына орала алмады. Себебі, оларды содырлар өлім жазасына кесті, деп хабарлайды aktobetimes.kz сайты.
Сирия мен Ирак территориясында "Халифат" туралы жарияланғаннан кейін осы мемлекеттерге кеткісі келетіндердің қарасы көбейді. Олар Сирияға кеткенге дейін ваххабтық идеологияны белсенді түрде насихаттап, өздерімен бірге кетуге әйелдерін де көндірген. Көптеген әйел "Халифатта" өздерін романтикалық өмір күтіп тұр деп алданып күйеулерімен бірге барған.
Өкінішке орай, бұл процесс Қазақстанды да айналып өтпеді. Ашық дереккөздеріндегі мәлімет бойынша, Сирияға жол тартқан қазақстандықтардың саны 800 адамнан асып отыр. Шілде айындағы мәліметтерге сәйкес, бұл — 120 ер адам, 250 әйел және 500 кәмелеттік жасқа толмаған бала.